28.06.2022
  97


Автор: Марфуға Айтқожина

Жаудырып жаз күніне алғысты айтып...

Жаудырып жаз күніне алғысты айтып,
Құйылды жапырақтар,
Сарғыш тартып.
Сағынып келіп еді көктемеде,
Барады жылы жаққа
Сан құс қайтып...
Келгенде ажар беріп, жарасып ең,
Кеткеніңде
Тартқандай дала сүрең...
Сəуірдің бұлты емес,
Жауып өткен,
Құстар ғой,
Жыр төгілткен қанатымен!..
Болғанмен қаншалықты сыр-күшіміз,
Қалдырған болса дағы нұрлы ісіміз –
Бір жола ұшып кетер,
Мезгіл жетсе,
Тірліктің,
Бəріміз де
Бір құсымыз...





Пікір жазу