28.06.2022
  120


Автор: Марфуға Айтқожина

КӨКТЕМ ҰШЫП КӨЗІНЕН...

Келгенімді білесің,
Қиыр шыңнан,
Шуағына шұғылаңның құйынсын жан.
Көктем ұшып көзінен
Ақын отыр,
Не қалайсың, бауырым,
Сүйіншіңді ал!
Күткен үміт,
Тəңірден тілегім бар,
Тілегім бар, бола гөр,
Бір өзің жар...
Бір тілегім, мінеки орындалды,
Сүйіншіге қуанған –
Жүрегімді ал!
Аяйын ба сендерден бұл жүректі,
Жылдар да бір қайрылмай,
Жылжып өтті.
«Ақын қалай жүрегін қияды», – деп,
Тау теңселіп,
Жапырақ дір-дір етті...
Жүректі ақын бауырдан аясын ба,
Өлең де, құдірет күш те,
Бəрі осында!
Бауырыма-ақ қияйын, екі жұрттың,
Жаралы боп жүргенше арасында!..
Жо, жоқ, бəлкім, бұл ойым болар артық,
Екі жұртқа –
Салмағым келеді артып.
Жүрегі жоқ ақынды кім тыңдайды,
Жүректі адам,
Бəрін де,
Өледі айтып!..





Пікір жазу