28.06.2022
128
Ұмтылумен өтетін асуларға...
Ұмтылумен өтетін асуларға,
Ешбір кінə қоймаңдар, ақындарға.
Сыр алдырмай тағдырмен күреседі,
Өлең дейтін бойында асыл барда!
Түн асырып басынан,
Күн асырып,
Тереңдерге бойлайды,
Құлаш ұрып...
Арыстанның аузында жүреді, ақын,
Өлең үшін алысып, сірə, тұнық!..
Көрік берген көктемдей атырапқа,
Данышпан да өтеді,
Ақымақ та...
Сəл нəрсеге жүдейтін,
Сарғаятын,
Ақын жаны ұқсайды,
Жапыраққа...