28.06.2022
123
Жағаға толқындарды жатқан ұрып...
Жағаға толқындарды жатқан ұрып,
Ақ арман,
Арайланды аппақ үміт!
Ақ арман, арайланған үміт барда,
Ақындар, жыр жазады,
Ақтарылып!
Көндіккен аптапқа да, салқынға да,
Күндерім, əзірлепті тарту жаңа.
Жаныма сол еді ғой сүйеу болған,
Бергелі қашан əділ –
Халқым баға!...
Өзіңмен өрісім кең,
Өрем биік,
Қанатқа қалықтаймын,
Өлеңді іліп.
Тілеймін өтсе екен деп, күндерімді,
Нұрыңды, сырыңды да терең құйып!
Ерекше жадыраса аспанда ай-күн,
Болуы мүмкін емес,
Басқадай мұң!
Сарқылмас махаббаты ол туған елдің,
Толқындап,
Көкіректе жатқан айдын!..