28.06.2022
113
Көктемнің самалымен желпіндірген...
Көктемнің самалымен желпіндірген,
Берейін əсерімді,
Шертіп жырмен.
Мен де бір кең даланың –
Аққуы едім,
Өлеңнің айдынында еркін жүзген!
Өткен күн, өтіп кетті жасын құйып,
Мерейі туған елдің,
Жатыр биік!
Сыйынып аруақтының аруағына,
Бір ойды түйіндедім,
Басымды иіп.
Біткендей сайрады ол да, сезімге тіл,
Қуаныш тамшылары –
Көзінде тұр...
Сырымды көптен бергі сабақтадым,
Болса егер кем-кетігі,
Өзің кешір!
Қараған көпшіліктің көз жасына,
Тəңірім, қуат берсін,
Елбасына!
Қалпына қайта келді,
Талдықорған,
Құттықтап, аттанайын,
Жолға асыға!..