28.06.2022
  113


Автор: Марфуға Айтқожина

ТӨГІЛГЕН ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТІЛІМЕНЕН

Келісіп келбетіңе маңғаздылың,
Теңіздей тереңдікпен
Таңғалдырып –
Тобына тұлпарлардың қосылғанда,
Құйғыттың,
Тұяғыңнан шаң қалдырып!
Өзіңді жұлдызына теңеп көктің,
Назарын аудардыңыз,
Кенет, көптің.
Қазақтың даласында таулар қанша,
Көзіме Сізді тау деп, елестеттім.
Тулаған жүрегіме тұнып өлең,
Толқыдық,
Тілектес боп күніменен.
Тербетіп, тебірентіп
Тыңдаушысын,
Төгілді,
Ұлы Абайдың тіліменен!
Жұрт тыңдап, қазағымның сүйікті ұлын,
Сезінді, тереңдік пен
Биіктігін.
Исламабад көрсетті кең пейілдік,
Жанарға қуаныштың құйып нұрын.
Сезімін ақын əсте жасырған ба,
Айналып кетті жанар,
Жасындарға!..
Жаңғырып аты Абайдың жатқан кезде,
Тереңде буырқанып, тасынды арна!
Тұс-тұстан тоғысқандай сан серілік,
Кешкісін думан құрды ел,
Жан сейіліп.
Көшесін Исламабад күйге бөлеп,
Ақындар, жүрді шалқып,
Еңсе биік!..





Пікір жазу