ЕЛІНЕ ПАКСТАННЫҢ БАРЫП ҚАЙТТЫМ
(толғау)
Шағымда осынау бір шарықтайтын,
Еліне Пакстанның барып қайттым.
Ұяты да иманы ұялаған,
Ел екен,
Сыр алдырып,
Тарықпайтын...
Тамаша табиғаты, өңірі гүл,
Тыңдатты сазды-сырлы өмір үнін.
Қазақтың ақындарын əлпештеді,
Көтеріп биігіне көңілінің.
Өзіне баламай ма, ақынды адам,
Аруы – арлы,
Жаны да жақын маған.
Əлемдік Жазушылар Құрылтайы,
Биназир бастап,
Ашты Факирзамен!..
Қағып қап кербездіктен қиық қасын,
Қолменен зəулім үйдің қиып тасын –
Өмірді жатыр елі –
Өркендетіп,
Қиындықты көтеріп иықтасып.
Мəуе бақ,
Гүлге тұнған орманы да,
Шыңдары ғұламадай ойлануда.
Рауал – Лейк!
Тұнық көл, аспан түстес,
Жайғасқан Марғалытау өр жағына.
Жапырақты жасыл орман, ағашы мол,
Тұрады айналаға жарасып ол.
Халқы екен бəрін соның қолдан қойған,
Толқыған,
Бұйра, тұнық –
Жағасы көл!
Жылы екен жүрегіндей қас-қабағы,
Барлық ұғым биіктен басталады.
Көгілдір Марғалының баурайына,
Ақ қала –
Орнатыпты астананы.
Күй кешіп қарапайым тірлікпенен,
Ел екен,
Асып-тасып, дүрлікпеген.
Шамданып,
Шағынбайды тағдырына,
Жандардан жарасымды бірлік көрем!
Мекендеп жүрген де бар, орманыңды,
Төгілтіп алуан өнер қолдан түрлі.
Жүрсе де жеркепені пана ғылып,
Қашайды тастан құмыра,
Ойған сырлы...
Бауырына баурап жатыр, қазағым деп,
Өмірдің көрген жұрт қой,
Азабын көп...
Оянды ұйқысынан Исламабад,
Тербетіп,
Таң сəріні, азан үдеп!
Шымырлап сұлу үннен тұлабойың,
Таңменен бірге толқып,
Тұнады ойың.
Сазымен сан ғасырды əлдилеген,
Жаныңды жылытады,
Шуағы оның.
Құранның оқығанда сүрелерін,
Ұйытып сол мақамға жүреді елін.
Сезініп,
Сезімімнің түлегенін,
Орнымнан жаңарғандай түрегелдім!...
Айтатын иманымды қысылған күн,
Сүйенген Тəңіріне мұсылманмын.
Таң сəрі,
Таңғажайып,
Əуезді ырғақ,
Санаға жеткізгендей күшін мəңгі үн.
Сол күндер естен кетпес сəн құрыппын,
Ескерткіш мен де өлеңнен қалдырыппын.
Ауаны тұнық-таза дірілдеткен,
Сұңқар үн,
Сұлу ырғақ,
Жаңғырып тұр!..