28.06.2022
118
ИСЛАМАБАД АСПАНЫ
Жүрегіме жеткенде талып сырлы əн,
Көз алдыма келетін алып тұлғаң.
Исламабад аспаны,
Қандай нұрлы,
Жанарындай батырдың
Жанып тұрған!
Жүрекке-жүрек сөзін жалғаттырып,
Кеш батырдым өзіңде
Таңды аттырып.
Арулардың жүзіне ай ұялап,
Жігіттерге жарасқан салмақтылық.
Жазбалары сақталып ғұламаның,
Жайын ойлап өтіпті бұл ғаламның.
Исламабад – кешінен
Көңілденіп,
Сайраңдадым ішінде
Гүл – аралдың.
Елеңдеген ел екен ақын десе,
Бұл елден шыққан батыл,
Батыр неше.
Иманына ұйытып мұсылманды,
Жайнамаздай,
Жайылып,
Жатыр көше!..