28.06.2022
  110


Автор: Марфуға Айтқожина

САКУРА ГҮЛДЕГЕНДЕ

(Кездесуден соңғы əсер)
Жаныма жарастығың күш қосқандай,
Түрің мен түрім сонша
Ұқсас қандай!
Семей мен
Хиросима қасіреті,
Жүректі үнсіз тербеп, ұштасқандай!..
Өмірде бақыт бар ма жарастықтай,
Кезің жоқ қалған бір сəт,
Қазақты ұқпай.
Жатқанда ел менен ел қақтығысып,
Келеміз татулықтан –
Қабақ шытпай!
Сен-дағы Отанысың жүректінің,
Көшімді өрге тарттым,
Түзеп бүгін!
Аңыз боп қыздарыңның нəзіктігі,
Келеді таңдандырып ізеттігің!..
Бөлісіп ел тағдырын, жүрек сырын,
Жалғаймын достығымның
Жібек жырын.
Тəуелсіз күндерімнің арқасында,
Өтпейді менің-дағы жүдеп күнім!
Сакура!
Гүл бағында өскен ерен,
Жырыма – сұлулығы,
Көшсе деп ем!..
Жаратқан Сакураны табиғат па,
Əлде, арудың саусағы, кестеленген?!.





Пікір жазу