28.06.2022
  168


Автор: Марфуға Айтқожина

«ЕРКІН – КӨМЕК»

Батыр тұлға бауырым,
«Еркін – көмек»,
Күй болмысты шалқыта шерту керек!
Дүние есігін жаңа ашар сəбилерді,
Қолдан келсе,
Еркінше,
Көрсін демеп!
Дем бергендей жұртыңа салмақты үнің,
Ата салтын келесің жалғап бүгін.
Демография –
Тербетсе талбесікті,
Талбесіктің қалайын
Толғап жырын.
Ердің ері түседі сынға бұлай,
/Берілген жан ем мен де жырға құлай./
Биіктеп тұрсын дəйім кісілігің,
Бүркітті,
Баянжүрек шыңдарындай!
Жүректен жыр төгілткен əсем сезім,
Ақын Ілияс,
Ғалилар, əкең сенің.
Маман – Тұрысбек арғы атаң,
Көкүйлілер,
Болған емес ешқашан,
Бəсең тегің!
Замандарда орыны дара тұрған,
Топырақтан жаралдың,
Сара туған.
«Еркін – көмек» айналып игілікке,
Қақтырсын сəби үні,
Қанатыңды əн.
Қазақ халқы қашан да сыршыл ғажап,
Жүретұғын жүрегін дүрсілге орап.
Екі мыңыншы жылдары келген бөбек,
Жанашыр Ағамыз деп,
Жүрсін қарап.
Бəсеңдетпей арынды үдете бер,
Қас қыранды самға деп, түлетеді ел.
Бабаларың қазаққа мектеп ашқан,
Бақыты үшін елінің –
Күреседі ер!
Кең далаға жетіпті сергек, сырлы үн,
Екі айтпайтын сөзіңді –
Ер боп тудың.
Сəбилердің жүрегі мұңсыз болсын,
Мен де отырмын бесігін тербеп жырдың.
Сайгүліктер шығады дараланып,
Жас ұрпақтың қамқоры болары анық.
Тəуелсіз қазағымның балалары,
Өссін солар,
Шуаққа жаны оранып!
Сонда ғана ауыр жүк жеңілденер,
Ешнəрсе жоқ өмірде тегін келер.
Олар-дағы есейіп, ержетеді,
Жанға қуат
Солар ғой, сенім берер!
Арқасында қандағы тектіліктің,
Арманына талайды жеткізіпсің.
Жас сəбилер,
Жыламай, күліп өссін,
Тартпасыншы зардабын жоқшылықтың!..
Тегін емес тектілік, қанға біткен,
Талай сөнген шырақ та жанды үмітпен.
Ісің қалар мəңгілік ел есінде,
Болмасаң да,
Бауырым,
Мəңгілік сен!..





Пікір жазу