28.06.2022
  137


Автор: Марфуға Айтқожина

«ҚЫЗДАР-АЙ!»

Қыздар-ай!
Жалтылдаған жақұтпысың,
Жеңетін нəзіктікпен уақыт күшін.
Жігіттің жүрегіне жігер беріп,
Қондырған өзіңсің бе, бақыт құсы?!.
Қыздар-ай!
Жібектей ширатылған,
Жүрегі жырға тұнған,
Сырға тұнған.
Қырдағы қырмызы гүл болармысың,
Тербеліп, самалменен ырғатылған.
Қыздар-ай!
Айналаға көрік берген,
Қызға арнап,
Ғашық гүлін теріпті өрден.
Аруға жарасады ерке мінез,
Еркеле заманыңа,
Ерік берген!
Қыздар-ай!
Сиқырлысың, таңдай күлген,
Жүректі жандырасың,
Жанбай жүрген...
Əніңе арманымды жалғаймын мен,
Маздаған махаббат па,
Қандай нұрлы ең?!.





Пікір жазу