28.06.2022
  75


Автор: Түс жору

Барабан—қайғы-мұңның белгісі. Барабан кейде үйленуді, кейде жоғалған адамның оралуын білдіреді. Барабан тарту—ер адамдар үшін қиыншылықтың, әйелдер үшін жақсылықтың белгісі. Өзінің барабан тартқанын көру—танымал болады, істеген ісі жақсы болса, жақсылық жағынан, жаман болса, жамандық жағынан аты шығады. Бір әйелдің барабан тартып отырғанын көру—оның атының жан-жаққа таратылатынын білдіреді. Жас жігіттің барабан тартып отырғанын көру—дұшпанынан хабар алатынын, қария адамның барабан тартқаны оның өмір жасы ұзақ болатынын білдіреді. Әйелдің тартқан барабанының даусын есту—қуанышты, жігіттің тартқан барабанының даусын есту—дұшпанының жақын екенін білдіреді.





Пікір жазу