27.06.2022
228
Сүйкімді, Сүйген жары, қара бұрым...
Сүйкімді, Сүйген жары, қара бұрым,
Қазақтың бір серісі-ау, Орақ інім.
Бейне бір құстың жылы ұясындай,
Жанға ұнап барған сайын, барады үйің!.
Керілген,
Кербез, сұлу – келіншегің,
Тасытып жүрген сол ма,
Сезім – селін?!.
Жаны да, өзі сұлу аруларды,
Жанашыр, жақынымдай көруші едім!
Сезімдер,
Кейде неткен, алақұйын,
Жарыңа сұқтанар жұрт, қара бұрым!
Жүректің сыйлай жүріп жылылығын,
Ойлаған сүйген жар мен, бала күйін –
Осынау қызға жаным сүйсінеді,
Сезімтал,
Жаны қандай сыршыл еді?!.
Жарқылдап күліп жүріп, сол бір ару,
Артынша,
Абайлатпай,
Күрсінеді...