27.06.2022
  210


Автор: Марфуға Айтқожина

Даттауға бар...

Даттауға бар,
Жақтайтын ағайын жоқ,
Ойламан, сонда да кек алайын деп.
Бұлыңғыр тартқан үміт сəулесіне,
Сөніп кетер ме екен деп,
Қарайым көп...
Еңсемді сансыз ойлар жаншып тағы,
Кірпіктен үзіледі,
Таң шықтары!..
Үзіліп кетер ме екен, бұл аңсаудан,
Жүректің шаштан нəзік,
Талшықтары?!.
Жартасқа маңдайымды ұрғылатып,
Жүргізді өктемдігін, сырлы уақыт.
Жанашыр жұбата алмас,
Жүрегімді,
Келеді, жылатып та
Жыр жұбатып...
Жыламасқа шарам жоқ, күлмеске де,
Үн-түнсіз өтіп жатыр,
Бұл кеш неге?!.
Кемесі ойларымның қайырлап тұр,
Неліктен үйрілмейді тілге ештеңе.
Шынымен сарқылам ба, шөлге құйып,
Сарқылсам, болар сүйген –
Елге күйік...
«Жыр аққуы» – деп, атау тегін бе екен,
Кешірмес ел,
Тартпасаң, көрге биік!..





Пікір жазу