27.06.2022
  194


Автор: Марфуға Айтқожина

Екеуің қатар жүрсең, жарасасың...

Екеуің қатар жүрсең, жарасасың,
Назарын жұртшылықтың қарататын –
Жарасқан қос аққудай,
Қос тағдырға,
Болайын, қолдан келсе, арашашы!..
Қалқам-ау!
Жарастығың үйлесіп бір,
Дүние жайбарақат күй кешіп тұр.
Күй кешке жарастықтың аясында,
Таулар да,
Тұратындай,
Тілдесіп кіл!..
Құбылар адам қалай, заман қалай,
Мазасыз ойдан жүрек,
Оянғаны-ай!..
Күйіңе қос аққудай қызығумен,
Сапарға аттанармын,
Алаңдамай!..
Қашанғы сыршыл жүрек, жүрсін налып,
Туласын қуаныштан дүрсіл қағып!..
Дауылға шалқыса да,
Сөніп кетпей,
Шырағы махаббаттың,
Тұрсын жанып!..





Пікір жазу