27.06.2022
113
ТАЛТҮСТЕ
Дала меңіреу,
Мен-дағы меңіреумін,
Көп нəрсеге толғандым, тебірендім.
Алажібін аттамай не біреудің,
Жөні бар ма,
Айтыңдар, еңіреудің!..
Дала үнсіз,
Жабырқап жатыр неге,
Қорамсақтан тартпады, батыр жебе.
Қара қылды қақ жарған билер қайда,
Қайырылап тұр теңізде,
Ақыл – кеме...
Күрсінді күн,
Түнеріп, тұтылғандай,
Жүрек жара,
Көріндім бүтін жандай!..
Аласұрған күй кештім құтырғандай,
Неге налып отырсың, құшып-жанбай?!.
Бұл не тірлік,
Бықсыған шала жанып,
Күндер қайда,көрінген дараланып.
Талықсимын талтүсте,
Жараланып,
Қарақшылар жанымды тонап алып...
Адамға-адам барады сенім қалмай,
Уға айналды, шырының
Сенің балдай!..
Тұншығамын неліктен,
Демімді алмай,
Түс болса екен, бұл сұмдық,
Өңім болмай!..