27.06.2022
122
Көкжиекке көтеріп қанатымды...
Көкжиекке көтеріп қанатымды,
Көсіледі төменде,
Дала сырлы!
Əлде келген көктемнің əсері ме,
Жаным неге,
Жай таппай, аласұрды?!.
Қиыласың сен-дағы «Мəкелейсің»,
Үлпілдетіп үкідей мəпелейсің.
Сыр жатыр ма бұғынып,
Тасасында,
Сəттер аз ба,
Сезімді жетелейтін...
Егіледі-ау, көңілім еркелетсең,
Еске оралып сол көктем,
Ерте кеткен...
Қимай қарап,
Қиылған балдай сөзің,
Сырлы күйін шерткендей,
Өртеп отпен.
Қимай қарап,
Қиылған балдай сөзің,
Жанды неге қинайды, алмай көзін.
Берік жанның кетіріп, берекесін,
Салған мені бұл күйге,
Қандай сезім?!.