27.06.2022
  100


Автор: Марфуға Айтқожина

Ұмтылумен өтетін асуларға...

Ұмтылумен өтетін асуларға,
Ешбір кінə қоймаңдар, ақындарға.
Сыр алдырмай тағдырмен күреседі ол,
Өлең дейтін құдіретті,
Асыл барда!..
Түн асырып басынан,
Күн асырып,
Тереңдерге бойлайтын,
Құлаш ұрып
Мөлдір жырды төгетін мөлдіретіп,
Ақындардың сезімі, сірə тұнық.
Абайсызда демейтін тайып кетем,
Сенгіштігі ақынның,
Айып па екен?!.
Бар болғаны жарты ауыз жылы сөз ғой,
Көңіл шаңын жаңбырдай,
Шайып кетер
Данышпан да өтеді, ақымақ та,
Көрік берер мəуе ағаш, атырапқа.
Сəл нəрсеге жүдейтін,
Сарғаятын,
Ақын жаны ұқсайды,
Жапыраққа!..





Пікір жазу