27.06.2022
132
АҚ РАУШАН
Даланың аппақ ұлпа, ақ қарындай,
Көңілдің кіршігі жоқ шақтарында –
Ақ гүлді жіберіпсің,
Құшақ толы,
Қалайша,
Қалайын мен ақтарылмай?!.
Қалайша, қалармын мен үндеместен,
Көп мұңын ала кетті,
Күндер өткен...
Сезімнің аппақ гүлін аялаймын,
Жаныңнан айналайын,
Гүлдер өскен!
Аталған ару қанша, гүл есіммен,
Кетер ме, жұпар бүрккен түн есімнен.
Гүл емес,
Ақжал толқын,
Ақша бұлттар,
Өмірдің сыры есілген,
Жыры есілген.
Өсірген түндер тербеп,
Күндер баптап,
Сүйеді жаным менің гүлдерді аппақ.
Ұрпағы өскен елдің болар сендей,
Көзге емес, елге
Сырттан жүрген мақтап.
Бейне бір жемісіндей көрікті ойдың,
Гүліңді маған арнап теріп қойдың.
Болсын деп «Жер-аспанның» –
Байғазысы,
Жалына,
Желкілдетіп өріп қойдым!..