27.06.2022
151
ЖЫР – ҒҰМЫР
Есілген самалындай Ешкіөлместің,
Қалайша, ақын аға,
Естен кетсін.
Қоңырдың биігінде сен тұрасың,
Жаңғыртып жырларыңды көшкен көшкін!.
Биіктеп тұрасың сен күннен-күнге,
Көктемде гүлденесің,
Гүлмен бірге.
Жылуы жүректерге жетіп жатыр,
Сусындап жырларыңнан –
Жүрген бізге.
Тауыңды жырға қоссақ, Қора сынды,
Мойнына ақша бұлттар оратылды.
Жетісу шыңдарының биігінде,
Қағып тұрсың,
Қыран – жыр, қанатыңды!
Ақтарып сұлу жырдың аң маржанын,
Тербеттің əніңменен қара түнді.
Өргендей жырларыңмен қыз бұрымын,
Бөлендің шуағына түз күнінің.
Ғалеке, үзілгенмен өз ғұмырың,
Жалғасып келе жатыр,
Жыр ғұмырың!..