27.06.2022
  144


Автор: Марфуға Айтқожина

ШАЛМАСЫН АНАЛАРДЫҢ, ШАШЫН ҚЫРАУ

Аттамай аналық зор қасиеттен,
Қанша ма, ару жандар,
Жасып өткен?!.
Қыршыны сұм соғыста –
Құрбан болып,
Аналар!
Қартаймасын қасіреттен!..
Жұлдызы жана берсін көгінде шын,
Тыныштық жатсын билеп,
Ел іргесін!
Оянып шырт ұйқыдан тымық түнде,
Аналар!
Үрей билеп, егілмесін!..
Болсын тек аналарға қуаныш күн,
Жанарда қуаныштан тұрады ұшқын.
Арулар, құлпырады қуаныштан,
Ақ таңды,
Атқызбасын, жылап ешкім!..
Арқасын тұрмаса да таққа сүйеп,
Қашан да адал жанның –
Жақтасы көп.
Тербесін дүниені тек тыныштық,
Адамдар!
Бір-біріне атпасын оң!..
Тыныштық тілейді елге, ақын мынау,
Бұл шақта жер тартысы,
Басылды дау...
Тербеген талбесігін Аналардың,
Шалмасын қасіреттен –
Шашын қырау!..
Жүрекке татулықтың сырын құйып.
Шыңдарды күн нұрымен жуындырып.
Сыйғызып қанша ма ұлтты, бауырына,
Желбіреп тұрған жоқ па,
Туым биік!





Пікір жазу