27.06.2022
147
АЛТЫН КӨПІР
Сонау бір кезеңдерде дала сүрең,
Су сепкен қарлығаштай қанатымен –
«Ағажай, Алтай!» –
Жұртты дүр сілкінтіп,
Əнменен ауызға елді қаратып ең!
Себеп боп өшірмеуге жан сенімін,
Ұшырып келіп еді-ау,
Əн – серігің!
Əнменен ел-жұртыңа жетіп жатты,
Сағыныш арқалаған бар сезімің!..
Тербеліп сұлу сазға дала жатты,
Мөлдір жас, өкініштен тамады ащы.
Жаныңа қанат болып ару əнің,
Ұстаздық əншілікке араласты...
Болғандай жанға демеу қысылғанда,
Қалықтап əн кететін ұшырғанда.
Қолында құраны бар,
Аузында иман,
Келесің,
Сүйеу болып, мұсылманға!
Мен Сізді басқалармен салғастырман,
Көрсетті биіктерден
Талмас, сырлы əн.
Əмина арадағы,
Алтын көпір,
Алтай мен
Алатауды жалғастырған!..