27.06.2022
  395


Автор: Марфуға Айтқожина

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ

Ел мамыр Мерекесін тосты мына,
Жарастың беріп ұлттар достығына.
Ақ бұлттай үлпілдетті татулықты,
Шығарып Алатауым,
Шоқтығына!
Жанымды жадыратып көңілді үн,
Төбемнен шұғылалы,
Төгілді күн
Жырлаған достығымды,
Жақсы күнді,
Қалмайды сөзім жерде менің бүгін!
Кететін шалқып-шалқып көңіл құйын,
Көңілдің қандай ғажап,
Сезу күйін.
Тəуелсіз қазағымның тілеулесі,
Шаттыққа толсын сенің,
Менің де үйім!
Қасында тұрып асқақ Абайымның,
Армандай айналама қарайым мың.
Он жасқа жаңа жеткен Тəуелсіздік,
Бар сенің,
Басқаларға талай үлгің.
Арайлы Мамырымның таңын күтіп,
Бұлбұлдар əн салады,
Тамылжытып!
Ақыным, сен де ақтар,
Тəуелсіз жыр,
Жүрмейсің, кешегідей жалын жұтып.
Шоқтығы достығымның қандай биік,
Жарығын жатыр жанға –
Шамдай құйып.
Талғаттай қас қыраным, жерде емес,
Ғарыштың шалғайында самғар биік!
Күндерге кенелерміз, сансыз-ғажап,
Жалтақтар, біз бе екенбіз əлсіз қазақ?!.
Абылай хан,
Кенесары атқа қонды,
Хандардың айбынына қалсын қарап!
Кəдесіз, ұлы тойға келе ме құр,
Ақындар,
Ақтарылып өлең оқыр!
Айтуға əділ билік əзірленіп,
Үш биі –
Қазағымның төбеде отыр!
Несі бар, қазағымның жанса бағы,
Тəкаппар,
Тауларым да шалқалады.
Тəуелсіз қазағыма көз тігеді,
Осынау, бар ғаламның шартарабы!..
Қазақ па,
Жаудан қорқып жан сақтаған,
Арманның отыменен сан шоқтаған –
Сарғая тосып еді-ау,
Сан ғасырлар,
Бұл күнді аңсап далам,
Аңсап бабам!..





Пікір жазу