27.06.2022
  148


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰЛЖА

Мен Құлжаға барамын, жерге туған,
Оны ойласам,
Жанымды тербетуде əн!
Туған елім біледі шалғай жатып,
Аласа ма,
Талқыдай, өр ме тұлғам?!.
Мен Құлжаға барамын, жерге туған,
Қызықтаймын гүлдерін өрде тұрған.
Самалына –
Сайрамның аймалатып,
Сергітемін кеудемді шерге тұнған...
Жолаушы емен, кездейсоқ, тосын жүрген,
Ел-жұртыммен қауышам,
Тосып жүрген!..
Алматыда жүрсем де,
Туған жерге,
Жүрегімді жібергем,
Қосып жырмен!..
Қайырмасы:
Құлжадай қала бар ма, самал ескен,
Арманым сен дегенде,
Жанады өшкен!..
Атыңнан айналайын,
Қайран Құлжа!
Ешқашан шығармайды, балаң естен!..





Пікір жазу