ҒАСЫР ҮНІ
Шалғайды,
Елеңдеткен жақын елді,
Күндердің көптен күткен сəті келді.
Қар қымтап кең даланы аппақ ұлпа,
Көңілді қуаныш құшып жатыр енді.
Қызығын,
Қызуын да,
Берген нұрын,
Халқыма жайлы болсын, келген жылым!
Бауырына баса түсіп көргенді ұлын,
Оянды Алатауым, елден бұрын!
Ататын ақ таңдары тұнып алдан,
Осы елдің күні де арман,
Түні де арман!
Кінəсіз періштедей аппақ əлем,
Сəт шығар,
Бұл да алланың нұры жауған!
Жылан жыл,
Қабағы ашық,
Қандай ғажап,
Мен тұрмын айналама қанбай қарап.
Жаңғырып жатқан шақта заман үні,
Қас қыран,
Қалықтайды шалғайды орап!
Жанымды жырмен тербеп шуақты күн,
Кеудеме келе жатыр,
Құлап бір үн.
Қуатты, құдіретті,
Ғасыр үні ол,
Өмірге қайта келген сияқтымын!
Тұрғандай шоғырланып жарық біткен,
Бұл сəтті,
Сабыры мол халық күткен.
Еңселі, Егеменді қазақ елін,
Бар əлем, жатқан жоқ па, танып тіптен!
Жаңа ғасыр,
Сазды əуен,
Жарасқан үн,
Өнердің біледі жұрт, өр асқарын!
Сұңқары Жетісудың Еркінбеков,
Жаңғыртты, Тəуелсіз ел,
«Жер – Аспанын!..»