27.06.2022
  226


Автор: Марфуға Айтқожина

Не жетсін, шыншылдыққа, адалдыққа...

Не жетсін, шыншылдыққа, адалдыққа,
Жүрегіңді – жүрекпен,
Жаман ба ұқса?!.
Кіндік кескен жеріңнен шалғайда өмір,
Қалайда, өтеді екен, алаңдықта!..
Тірліктің ұқпағандай нарқын анық,
Айың да тұрады екен,
Жартыланып...
Тағдырдың берген сыйын кейбіреулер,
Қолымнан кеткен кез бар,
Тартып алып!..
Жұлдызым десем-дағы жанбай қойды,
Қанатты жыр, алысқа самғайды ойлы.
Жүзіп ішкен тұнықтан асау едім,
Сапар сəтін елге бір салмай қойды.
Содан болар, жазылды өлең мұңлы,
Қалай болған күнде де,
Өнер – нұрлы!..
Мұңды арқалап алпыс қыр асып едім,
Əкелсе екен,
Мұңсыз ғып келер күнді...





Пікір жазу