27.06.2022
  130


Автор: Марфуға Айтқожина

МЕН ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫНЫМЫН!

Бағына асып туған асыл ұлын,
Елдің хан көтерді қарт, жасы бүгін.
Тағдыры –
Туған елмен өрімдескен,
Мен Тəуелсіз қазақтың –
Ақынымын!
Мүмкін бе, Ата-текті жасыруым,
Күмістей төгіл сен де
Ашыл үнім!
Өз еркі,
Өз тағдыры
Өз қолында,
Мен Тəуелсіз қазақтың –
Ақынымын!
Ғарышқа дөңгелеген тасы бүгін,
Тоқтар мен Талғат сынды
Ғасыр – Ұлын,
Өлеңнің өзегіне арқау еткен,
Мен Тəуелсіз қазақтың –
Ақынымын!
Жел ескен айдарынан батырының,
Қосылған сансыз ұлттың басы бүгін
Көк туы,
Көк күмбезде желбіреген,
Мен Тəуелсіз қазақтың –
Ақынымын!
Алатау шыңға ұшырса мұзбалығын,
Аспанның
Ақсұңқарым, жүзді алаңын!
Осынау тамылжыған тыныштықты,
Өзге тұрғай,
Өзімнен қызғанамын!..





Пікір жазу