27.06.2022
  117


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖАЗБЕН ОРЬІН АУЫСТЫ КӨКТЕМ БҮГІН

Жарқыратып тағынған сырғаны айдан,
Қос қанатын көл емес,
Жырға жайған.
Мен де бір ата-ананың еркесі едім,
Қүндер қашап мүсінін,
Жылдар ойған!..
Наз аралас жүргізген өктемдігін,
Жазбен орын ауысты көктем бүгін.
Жаздың күні жадырап,
Жайнай түсті,
Жаңбырын да,
Жылуын,
Төккен нұрын.
Жазым өтіп аздан соң күз де келер,
Күз қызығы белгілі бізге берер.
Ғұмырына инемен құдық қазып,
Өткендер де аз емес,
Іздеп өнер.
Жапырағын ой-қырға шексіз жайған,
Жаз күніне бəрі де
Жетсін қайдан?!
Шайқасып жатқан сынды көкірегімде,
Көздерге керінбейтін өткір майдан...
Жарқыратып тағынған сырғаны айдан,
Қос қанатын көл емес,
Жырға жайған.
Мен де бір ата-ананың еркесі едім,
Күндер қашап мүсінін, жылдар ойған!..





Пікір жазу