27.06.2022
158
Самалын елеңдетіп дала-белдің,
Самалын елеңдетіп дала-белдің,
Ел жақтан көп жаңалық ала келдің.
Жанымның жапырағын жамыратып,
Қимай қарап тағы да
Қала бердім...
Қала бердім жүректі шыққа бөлеп,
Бір ыстық сезім жанға ықтап ерек.
Сағыныштың селіне жүзген жанның
Дауысы да басқадай шықса керек!..
Өз жерінен бөлініп-жарылғандар,
Аңсаудың мұң-дертінен арылған ба?!.
Сегіз мүше сау болып көрінгенмен,
Мен оларды балаймын жарымжанға.
Болғанымен қаншалық бізге сенім,
Əйтеуір, өзім бөлек күй кешемін.
Біреу биік,
Біреулер аласа боп
Көрінеді бойында бір көшенің...