27.06.2022
116

БҰРАЛЫП АҚҚАН БҰЛАҚТАР
Бұралып аққан бұлақтар,
Ырғалып ескен құрақ-тал.
Сыбдырыңды сағындым,
Сыр ақтар маған,
Сыр ақтар!
Бұралып аққан бұлақтар,
Жағаңда өскен құрақ-тал.
Көңілде көп сұрақ бар,
Сөзіме сəл құлақ сал,
Бұралып аққан бұлақтар.
Сүйкімді,
Ерке,
Батылсың,
Кең дала сенің ақылшың.
Таулардан биік басталып,
Көлдерге құйып жатырсың.
Жібектей майда самал-жел,
Бөтендік етпес саған жер.
Аралап қайтқан боларсың,
Алыстағы аман ба ел,
Алыстағы аман ба ел...
Өзендер,
Көлдер, көптеген,
Кесілген шыңдар,
Көк белең.
Шек – сызығы шектеген,
Шек – сызығы шектеген.
Бұралып аққан бұлақтар,
Ырғалып өскен құрақ-тал.
Сыбдырыңды сағындым,
Сыр ақтар маған,
Сыр ақтар!