27.06.2022
231
ҚАСЫМҒА
Еске алғанда арманда өткен Қасымын,
Қарқараның шертетіндей тасы мұң.
Қайран ақын!
Дауыл болып дүркіреп,
Кезі келсе өзен болып тасыдың.
Кешіп жүріп қан жорықта отты күн,
Көтеріп ең
Күллі өнердің шоқтығын.
Күні бүгін орның əлі толған жоқ,
Өгейсітіп тұрады ылғи жоқтығың.
Жан дүниесін тербететін тірінің,
Жырларыңның
Бірі – жалын,
Бірі – мұң.
Домбыраңның құлақ күйін келтірер,
Қарқарада жоқ па өзіңдей
Бір інің?!.
Еске алғанда арманда өткен Қасымын,
Қарқараның шертетіндей тасы мұң.
Қайран ақын!
Дауыл болып дүркіреп,
Кезі келсе өзен болып тасыдың.