27.06.2022
  134


Автор: Марфуға Айтқожина

Жасың келген, қарасам əкемдейсің,

Жасың келген, қарасам əкемдейсің,
Əкелердің ісі көп əсерлейтін.
Мінезің де қытымыр,
Шəлкем-шалыс,
Ешкімге атақ-абырой əпермейтін.
Аз қазақты жер-жерге,
Топқа бөліп,
Жүрегімді өртейсің шоққа көміп.
Күндейсің бе сақалды басыңменен,
Өлеңімді өрістеп, жатқан өріп.
Тұнық болар қашанда шың бұлағы,
Жатқан жоқ па шырқалып –
Шындық əні.
Көк балауса кезімде келіп едім,
Шынар шағым
Енді кім сындырады.
Жеткен кезде сан асу,
Белеңдерге,
Жоққа бола көңілім елеңдер ме?
Қозғай алмас алапат дауылың да,
Бойлап кетті тамырым тереңдерге!..





Пікір жазу