27.06.2022
  107


Автор: Марфуға Айтқожина

ТАҒДЬІРЛАС

Ақында сен емессің сөзге шолақ,
Ойыңды жеткізесің
Өзгеше орап.
Жүйрікке қамшы сілтеу артық болар,
Селдеген сезіміңді
Сезбес олақ...
Тамылжып тұрса дағы дала қандай,
Бой жазып,
Сергімеппін ала жаздай.
Еңбегің аз ба,
Көп пе,
Жұрт түсінер,
Кеткенің жөн бе
Колға қағаз алмай...
Біреулер зорға күлер,
Зорға жылап,
Біреулер мерт болады орға құлап...
Жеке басты күйіттеп жүре бермей,
Тағдырын туған елдің толға бірақ.
Кенеттен күңгірт тартып
Аспан айлы,
Төніп бір келер болса,
Басқа қайғы,
Тағдырлас болып жүрсең туған елмен,
Ешқашан орта жолда тастамайды!..





Пікір жазу