27.06.2022
112
ҚАРАСУ
Сықырлатып қайраған жанын жаны,
Қалыпты қыстың қымтап қалың қары.
Қарасудың бетінен бу көшеді,
Сияқтанып өшпеген жалындары.
Құштар емес,
Мықтымын дегізуге,
Онда үлкен сыр жатыр негізінде.
Ақпанның аязында қатып жатар –
Таудай толқын өңгерген теңізің де.
Сияқтанған жанының аппақ ары,
Бойындағы жылуы –
Мақтанары.
Мұхит та мұз құрсанып қалған кезде,
Ғажап қой!
Қарасудың қатпағаны.
Оның да бар айтары,
Ақтарары,
Жүрегінде тербетіп,
Сақтар əні.
Тыныс алып жылжиды ол ілгері,
Бусандырып буымен ақ даланы.
Адам сынды тірліктен көп хабары,
Айлы кеште жанары шоқтанады.
Туған жердің бауырында жатқаннан соң,
Бар жылуы бойында сақталады!..
Сияқтанып жанының аппақ ары.