27.06.2022
  142


Автор: Марфуға Айтқожина

НАҒИМА

Жүрмесең де от шашып,
Жалын атып,
Жүрегіңде жылу мол,
Жаның ашық.
Түзу ұшып түтінің,
Өріс кеңіп,
Отырсың азаматтың бағын ашып.
Еске салып қырымның қызғалдағын,
Бақыты асқан біреуді қызғанбадың.
Жамандық атаулымен жараспайсың,
Жақсылық теңізіне жүзген жаның.
Созбадың ешқашан да айға қолды,
Жүресің істің қамын ойлап оңды.
Жақсылық қой жандарға тілейтінің,
Сол қасиет атадан бойға қонды,
Сен көтерген шаңырақ құламайды,
Тұрады сəуле шашып бір арайлы.
Болды екен қандай ғана мерген жігіт,
Түсірген сен сияқты құралайды.
Сен көтерген кереге аласармас,
Үнің майда,
Жүрекке жара салмас.
Сұлулар көп халқымда теңдесі жоқ,
Бірақ саған ешкім де таласа алмас!





Пікір жазу