27.06.2022
  224


Автор: Марфуға Айтқожина

ТАЛТҮС

Жігітке елуі не,
Алпысы не,
Келдің аға!
Өмірдің талтүсіне
Адалдық,
Ар-намысың қуат беріп,
Сүйенген адам едің жан күшіне.
Жар құшып жаның сүйген,
Қызық көрдің,
Тағдырдың ағынына жүзіп келдің.
Жүрсің бе туған елді ұмыта алмай,
Ортасында жүрсең де ырзықты елдің.
Заң менен дəрігерлікті қосарладың,
Толқыдың арнасында қос арнаның.
Қос арна –
Қосылса екен деп тілейсің,
Ортақ қой бəрімізге –
Осы арманың...
Айеке!
Арманға да бір жетерсің,
Қуаныш –
Көңіліңді гүлдетер шын.
Тігілген Алматыға ақ ордаңды,
Жел емес,
Əн менен күй,
Жыр көтерсін!





Пікір жазу