27.06.2022
117
ЖҮЗІМДІ ЖАҢБЫР ЖУЫП
Тəркі дүние!
Тартсаң да етегімнен,
Жүргем жоқ ырқыңа еріп,
Жетегіңмен.
Жалтарыссыз,
Бір беткей мінезіммен,
Бір күні бұл пəниден өтемін мен.
Өтермін мен
Ешкімге зияным жоқ,
Жасырман,
Ел-жұртты аңсап
Жыладым көп.
Белгісіз саған қашан ораларым,
Бəлкім, солай қаларсың қиялым боп.
Түс шəйісіп көргем жоқ,
Қызуланып,
Ұятқа да қалмадым жүзім жанып,
Кешірімшіл жандардың біреуімін,
Өзгермейтін əуенім,
Ізім де анық.
Арқалаған жүректе жүгім – жалын,
Сол жүктің салмағы көп,
Ұғынғаным.
Ескермеген кешегі,
Есіл құрбы,
Жаныма жақынсыңдар бүгін бəрің.
Қиялға жүземін де тұнық-терең,
Алдамшы үміттерге ырық берем.
Қыс дауылын,
Оранып,
Жаз шуағын,
Жаңбыр жуып жүзімді жүріп келем!..