27.06.2022
143
БӨРІК
Шекеңе сап кигенің қоңыр бөрік,
Жоғалмайтын,
Тозбайтын,
Өңін беріп.
Құндыз киіп,
Құлпырған сұлуларға,
Қашанда жұрт қараған көңіл бөліп.
Шекеңе сап кигенің қоңыр бөрік,
Жандар қанша,
Жүретін қолын беріп.
Құндыз бөрік,
Қисең де құндыз ішік,
Сен емессің кететін сезімге еріп.
Не кисең де қарамай,
Көңіл бөліп,
Өте шығар өмір ғой,
Жеңіл желіп...
Сол бөріктің мен үшін құны бөлек,
Сенім,
Сертің сияқты,
Сенің берік!
Сыйласымды, Клара-ау!
Құрбым едің,
Тұнып тұрған сенің де жыр жүрегің.
Жыл құсындай тым сирек көріссек те,
Қиялымда қауышып, бір жүремін!