27.06.2022
123
Сұрамадым
Сұрамадым,
Сен сыртта кешіккенде,
Алыспадым аузыңмен,
Есікпен де.
Біздер жайлы біреулер –
«Бас қатырып»,
Өсек отын үрледі,
Есіп кейде.
Жүреді екен,
Алуан күй кешіп пенде,
Не ұтармын сенімен өшіккенде.
Күз келгенін
Кенеттен сезінгендей,
Құс емеспін,
Кететін кешіп мен де.....
Құс емеспін,
Қететін алысқа ұзап,
Байлап тұр ғой аяқты
Қарыс – тұзақ.
Жүрек шіркін,
Адамда жалғыз ғана,
Түспесінші жүрекке жарық-сызат...
Зақымдама,
Жүректің қан тамырын,
Алар дейсің өмірдің қанша нұрын.
Сол жүректің даусы ғой өшпейтұғын,
Сол жүректің үні ғой қалса бір үн!..