27.06.2022
  118


Автор: Марфуға Айтқожина

ОТЫРСЫҢ, ЖАНЫМ, КІМДІ ОЙЛАП

Келе жатты түн жайлап,
Тыныштық билеп бар маңды.
Отырсың,
Жаным,
Кімді ойлап,
Кенеттен бұрып арнаңды.
Шыңдар да мызғып көз ілді,
Кеткендей қалғып ай дағы.
Аяймын нəзік сезімді,
Қызғалдақтай майдағы.
Батады білем туған ай,
Шұғыла төгер күн дағы.
Қалса екен мəңгі қурамай,
Қызғалдақ – сезім жырдағы!





Пікір жазу