26.06.2022
  111


Автор: Сергей Есенин

Хорассанда бар-ау шіркін қақпалар...

Хорассанда бар-ау шіркін қақпалар,
Босағасын гүлге бөлеп тастаған.
Тұрады онда кіл перизат, қалқалар.
Хорассанда бар-ау шіркін қақпалар,
Əттең өзім соның бірін ашпағам.
Бар қолымда бірсыпыра қайратым,
Шашымның да алтын, жезі мол мүлдем.
Перизаттың даусы жанға майда тым,
Болса-дағы қолда біраз қайратым
Сол есікті бір аша алмай қойдым мен.
Кімге қажет менің сонша ерлігім,
Кімге қарап əн шырқаймын мен бүгін,
Егер Шаға қызғануын ұмытса,
Егер есік аша алмасам мен бүгін,
Кімге қажет махаббатым, ерлігім!


Мезгіл жетті оралатын Русьқа,
Уа, Персия! Сені тастап кетем бе!
Бұл айрылу – мəңгі кету дұрыс па!
Жаным ғашық болғандықтан өлкеме,
Мезгіл жетті оралатын Русьқа!
Қош болып тұр, уа перизат, бол есен,
Есігіңді аша алмастан барамын.
Бердің маған бір қасірет сен əсем,
Елімде айтып жүретұғын сол əнім,
Қош болып тұр, уа перизат, бол есен!
1924 – 1925





Пікір жазу