26.06.2022
  125


Автор: Сергей Есенин

Көкпеңбек ғажап елі Фирдоусидің...

Көкпеңбек ғажап елі Фирдоусидің,
Сенемін, сенің мəңгі жадыңдамын.
Ұмытпа бұл орыстың берген сыйын,
Жайдары жанары мен жалын жанын,
Көкпеңбек ғажап елі Фирдоусидің.
Жақсысың, уа Персия, білемін мен,
Гүлдерің шамшырақтай жанады-ау бір.
Алыс ел ашық, жарқын күндеріңмен
Қайта кеп түседі еске қайран дəуір,


Жақсысың, уа Персия, білемін мен.
Жұтамын жұпарыңды ақырғы рет
Құнығып, мас сусындай мауқым басып.
Азабын айрылудың тартып жүрек,
Сенің де, қайран Шаға, арыздасып,
Даусыңды естимін мен ақырғы рет.
Бірақ мен əсте сені ұмытпаспын,
Жүрсем де жаһан кезіп, күн-түн қатып,
Бəріне жат пен жақын, туыстастың
Өтермін есіміңді тынбай айтып,
Уа сені, əсте сені ұмытпаспын!
Қайғыңнан қорықпаймын, о, несі бар.
Кездессе кесір сағат, саған тар күн,
Қалдырдым Русь жайлы əн естіп ал,
Айт-тағы соны, əмəн мені есіңе ал,
Сонда мен өлең болып үн қатармын.
1924 – 1925





Пікір жазу