26.06.2022
  140


Автор: Сергей Есенин

Дүние шіркін жап-жарық...

Дүние шіркін жап-жарық,
Орманға кірем мен барып,
Көк жиекке беттейсің,
Жолаушым, шөлге жетпейсің,
Дүние шіркін жап-жарық.
Жасыл бақты бойлайсың,
Жастық шақты ойлайсың,
Жата қалып бет жусақ,
Жағалай гүл, көк жусан,
Жасыл бақты бойлайсың.
Тыңдайсың үн қозғалмай,
Сағади жазған саздардай.
Əсемдік өрнек əйгілі
Көзіңе түсер ай нұры,
Сағади жазған саздардай.
Перизаттың үндері
Сыбызғының тілдері,
Қатты қысқан құшақта –
Дыбыс болмас бұ шақта, –
Сыбызғының тілдері.
Осы ғой рахат аңсаған,
Жолаушыға шаршаған.
Жұпарын жұмсақ желдің мен
Жұтамын жұқа ерніммен,
Осы ғой рахат аңсаған.
1924 – 1925





Пікір жазу