26.06.2022
  108


Автор: Сергей Есенин

Кеші ғажап нұрлы мынау өлкенің...

Кеші ғажап нұрлы мынау өлкенің,
Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен.
Шырқашы əнге, шырқа сұлу еркем бір
Қайда һаям айтып кеткен сол əуен,
Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен.
Бар Ширазды ай сəулесі орап ап,
Көбелектей көктен жұлдыз тамшылар.
Қыздары мен келіншегін фарсылар
Перде астында ұстайтыны обал-ақ,
Бар Ширазды ай сəулесі орап ап.
Əлде сонау мыс тəрізді денесін
Күн балқытып жіберген бе күйдіріп!
Дей ме əлде жүзіме күн тимесін
Қою үшін ынтықтырып, сүйдіріп,
Бүркей ме екен мыс тəрізді денесін!
Асыл сəулем, пердеге үйір болмай бақ,
Осы азғантай ақылымнан бас тартпа.
Онсыз-дағы мына ғұмыр шоп-шолақ,
Үлгірмейсің бақытыңды бастап та,
Осы азғантай ақылымнан бас тартпа.
Ажарсыздық – ол да бұйрық тағдырдан
Жүреді олар сенің бағыңды асырып.
Бар əлемнің жанарының алдынан
Əсем бетті қою күнə жасырып,
Жаратылыс жаратқан соң асыл ғып.
Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен
Шықпас түстен сонау туған ел деген.
Мен шырқайын, менде де бір бар əуен
Омар Һаям өмірі айтып көрмеген,
Гүлдер үнсіз тербеледі желменен.
1924 – 1925





Пікір жазу