26.06.2022
244
Шаганэ, жаным, Шаганэ...
Шаганэ, жаным, Шаганэ,
Терістік сонау дала əне,
Астында айдың толқыған
Теңіздей бидай, қара, əне,
Шаганэ, жаным, Шаганэ.
Сол жақта тудым, содан ба
Жүз есе үлкен Ай онда.
Сұлу ғой Шираз,
алайда
Рязань қайда,
ол қайда!
Сол жақта тудым,
содан ба!
Даламды жырлап берем шын
Алтындай шашым бидайдан
Айнымай қалған дегейсің,
Саусағыңды орап, ойна əбдəн
Ауырды десем не дерсің,
Даламды айтып берем шын.
Шашымды көр де, есіңе ал
Айлы түн, алтын бидайды.
Əзілде, ойна, өшіңді ал,
Ойыма салма, қинайды
Айлы түн, алтын бидайды.
Шаганэ, қалқам, Шаганэ,
Айнымай қалған дəл сенен.
Солтүстік жақта бір қыз бар,
Шақырды мені ол əне,
Шаганэ, қалқам, Шаганэ.
1924 – 1925