26.06.2022
  150


Автор: Сергей Есенин

ПАРСЫ САЗДАРЫ

* * *
Жазылды жара, көне дерт –
Жүректі мастық у жеген.
Жатырмын шаймен мен емдеп,
Тегеран текті гүлменен.


Даяшы жылмаң жүр мына
Орысты бейне таң қылып,
Арақ пен шарап орнына
Қан күрең шайға қандырып.
Сыйлай бер, қожам, ерге сын,
Бағыңда гүлдер көп неден!
Қайырып қара пердесін
Қараған көзді «тек» – демен.
Ресейде де өсірген
Қыздарды итше байламай.
Сүюді тегін үйренген
Қызғанып қанжар қайрамай.
Ойпыр-ау, мына сылқым-сал,
Бұраң бел, көзі танаға,
Хорасан салы орамал,
Ширазы кілем садаға!
Құйшы бір тағы, маздайын,
Айтпаймын əсте мен жалған.
Өз басым үшін сөз дайын,
Сен үшін жауап бере алман.
Есікті бақтың сен несін,
Өзге де қақпа таныс бар.
Қайырып қара пердесін
Қараған көзде мəніс бар.
1924 – 1925





Пікір жазу