26.06.2022
  164


Автор: Сергей Есенин

Алтын тоғай жырын жырлап тынды бар...

Алтын тоғай жырын жырлап тынды бар,
Сыңғырлайтын, сиқырлайтын үні жоқ.
Бара жатыр ұшып мұңды тырналар
Енді аяйтын, жан қимайтын түгі жоқ.


Кімді қимай, кімді аяудың жөні бар!
Бəрінің де келер, кетер жолы бар;
Бəрі мейман бұл дүниеге, жерде шөп,
Аспандағы ай да айтқызбай соны ұғар.
Айдалада тұрмын жалғыз мұнда мен,
Тырналарды қуады алыс жел айдап.
Жас күнімді есіме алып тұрғанмен,
Өткен іске өкінбеймін мен ойлап.
Жылдарды да жоқтамаймын босқа өткен,
Жанымның да іздемеймін гүл шағын.
Бақ ішінде жанса да алау жас өртпен
Ешкімнің ол қыздыра алмас құшағын.
Өзі қызыл жеміс күйер демеңдер.
Сарғайғаны – өлгені емес шөптің де.
Жапырағын жайлап үзген емендей,
Мен де жайлап шертем мұңлы дертімді.
Уақыт бір күн жел жапырақ үрлеген
Үйер болса, керексіз деп егер шын.
Алтын тоғай аяулы бір үнменен
Асыл əнін айтып тынды дегейсің.
1924





Пікір жазу