26.06.2022
  121


Автор: Сергей Есенин

Ойнар ма жасын бекерге...

Ойнар ма жасын бекерге,
Бекер жел есіп өтер ме?
Əлдекім ғайып арайын
Жаныма құйған екен де.
Елжіреп содан кей шақта,
Көгілдір мұнар, бейуақта
Аңсадым шалғай жат жерді
Бар-ау деп жəннат сол жақта.
Не тəйірі, міз бақпастан,
Мүлгіген жұлдыз, түнгі аспан,
Бұл дүниені һəм бақиды
Хош алған жанмын əу бастан.
Бəрін де киелі деп білем,
Күдіктенсем де тіпті мен.
Құлады көлдің төсіне
Шапағы таңның күп-күрең.
Егінді кешіп, жон асқам
Тың теңеу тілге орасқан:
Жалап тұр қызыл бұзауын
Əлгіде туған көк аспан.
1917





Пікір жазу