Батар күннің өшіп қызыл қанаты...
Батар күннің өшіп қызыл қанаты,
Мүлгіп шарбақ тұр тұманның ішінде.
Жабықпа сен, үйім, жанның панасы,
Тағы жалғыз қалдық-ау деп күрсінбе.
Төбедегі судырлаған қамысқа,
Ай тұр сүртіп көкшіл жиек мүйізін.
Мен шығарып салмай қалдым алысқа,
Ол сапарға жалғыз кетті жолы ұзын.
Білем, жылдар қам көңілді жұбатар,
Сол жылдардай дерт айығып, тыншығар.
Пəк жаны мен тəтті ерінін ол сақтар,
Сақтар дағы жат адамға ұсынар.
Əлсіз адам көрінгеннен бақ сұрар,
Мықты кісі күшке сенер жалықпай.
Ол жат адам жаныштар да лақтырар –
Жеге-жеге тер шіріткен қамыттай.
Деме маған: тосқаның тек сол тағдыр,
Өшпендікті көп ойлаудан не қиын,
Соғар біздің мекен-жайға тағы бір
Жылытуға қойнындағы сəбиін.
Шешер тонын, шешер тағы шəлісін,
От басына менімен бір мекендеп.
Еркелер де, айтар маған таныс үн:
– Менің балам саған тартқан екен, – деп.
1916