26.06.2022
152
Оятшы ерте мені, сабырлы анам...
Оятшы ерте мені, сабырлы анам,
Кезімде қатты ұйықтап дамылдаған.
Жалғанда бір қызық қой, жолға шығып
Қадірлі мейманыңды қабылдаған.
Мен бүгін арасынан көк алаптың
Арбиған ізін көрдім доңғалақтың,
Шайқалса алтын доға ақ самалға,
Ойнайды үстінде оның жорғалап күн.
Өтеді ол ертең зулап осы арадан,
Өтерде ай-қалпағын басады əмəн.
Алаптан қызыл құйрық шаншып тастап
Арынды асау бие асады əрмəн.
Оятшы ерте мені, анам алтын,
Бөлменің шамын жақшы таңға жақын.
Ұзамай боласың деп жұрт айтады
Орыста аты шулы ғажап ақын.
Жырлармын сонда сені жазып дастан,
Пешіңді, тауығыңды қалдырмастан.
Ақ сүті арнап сауған сиырыңның
Құйылар өлеңіме сарқылмастан.
1917